Ең төменгі жалақының мөлшерін көтеру керек
Үкіметтің жасап жатқан шараларына қарамастан халқымыздың әл-ауқаты артпай тұр. Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, жан басына шаққандағы кіріс 112 мың теңге болып отыр. Оның 98 мың теңгесі тек қана азық-түлік, киім-кешек, коммуналдық қызметті төлеуге кетеді.
Мысалы, Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, күріштің бағасы 31,3 пайызға, жұмыртқа 16,9 пайызға, сары май мен сүт өнімдерінің бағасы 12 пайызға өскен. Картоп пен ірімшік өнімдерінің бағасы бір жылдың ішінде 35 пайызға өскен. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа келсек, коммуналдық қызметтер орташа алғанда 25 пайызға қымбаттаған.
Мұндай жағдай азаматтардың шығынын арттырып, кірістерін төмендете береді. Еліміздегі ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден көтерілген жоқ. Бұл 1,8 млн адамның тұрмыс деңгейіне қатысты. Ең төменгі жалақыны көтеру – Үкіметтің басты міндеті.
Жұмыссыздықтан сақтандыру сомасын арттыру арқылы ең төмен жалақы алатын адамдардың сақтандыру жүйесін жетілдіру керек. Әкімдер өңірлік ауыл шаруашылық өнімдерін жергілікті нарыққа қажетті мөлшерде жеткізілуін қамтамасыз етуі қажет. Ауыл шаруашылық өнімдеріне берілетін мемлекеттік төлемдерді уақытылы әрі қажетті сомада толық төленуін қамтамасыз ету маңызды, – деді депутат.
Ерлан САИРОВ,
Мәжіліс депутаты