Жаңалықтар

ЕҢ ҮЗДІКТЕР ТАҢДАЛДЫ

2323098391

Кеше іріктеуші комиссия III Халықаралық «Astana Piano Passion» жас пианистер бай­қауы­ның жартылай финалына  шыққан 7-18 жас аралығындағы ең алғыр, талантты 30 үміт­керді таңдап алды. Байқауға қатысуға бар­лығы 40 елден 120 өтініш түскен болатын.

– Әлбетте, байқауға қатысушылардың дайындық деңгейі жылдан-жылға артып келеді. Тіпті, қазылар алқасы мүшелеріне жүзден жүйрігін таңдау қиындай түсуде. Біз талантты жастардың ынтасы мен талабына өте ризамыз. Кім біледі, мүмкін осы жастардың арасында әлемдік деңгейдегі болашақ жұлдыздар да бар шығар, – дейді  қазы­лар алқасының төрағасы Денис Мацуев.

Астанада 26 сәуірде байқау тыңдауы бас­талады. Осы уақыт ішінде қатысушылардың барлығы қарқынды түрде дайындалып, қазақстандық композиторлардың шығармаларын жаттауы тиіс. Бұл – бай­қаудың міндетті шарттарының бірі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button