#Жаңа Қазақстан

Еңбек адамына – құрмет

«Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Серік Егізбаев, Ерболат Саурықов, Болатбек Қыстауов, Ілияс Досқожаев пен жергілікті жердегі мәслихатқа кандидаттар Ақтөбе облысына барып, «Айбек» ауыл шаруашылығы кооперативі мен «Новоальджан ұн комбинаты» ұжымымен кездесті.

2008 жылы құрылған «Айбек» ауыл шаруашылығы кооперативі құрамында мал өсіру, бордақылау, сою, ет комбинаты, ет бұқтыру, қалбырлау зауыты бар. Ет бағытындағы малды 4 шаруашылық өсірсе, бордақылау алаңында жылына 600 басқа дейін ірі қара бордақыланып, сойылады. Ет бұқтыру зауытында оны қалбырлаумен қатар, тұшпара тәрізді жартылай фабрикаттың 6-7 түрі шығады. Аталған зауыттың өз мүмкіндігі тәулігіне 48 мың банка шығаруына шикізат жетімсіздігі қолбайлау болуда. Кәсіпорын бүгінде 80-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Партияның алға қойған мақсатына тоқтала келе, Мәжіліс депутаттығына кандидат Ерболат Саурықов еңбек адамының мәртебесін көтеру керегін алға тартты.

– Қайта өңдеуші кәсіпорындарды қолдап, өнімдерінің шетелге саудалануына жағдай жасау керек. Шетелге шыққан тауар валюта әкеледі. Валюта көбейген сайын кәсіпорынның да әлеуеті артып, қосымша жұмыс орнын ашады. «Ауыл» партиясы Мәжіліске барғанда ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін әлеуметтік аударымдардан басқа салықтың барлық түрін толық жоюды, еңбек адамының мәртебесін көтеруді бірінші кезекте мәселе ретінде көтеретін болады. Жалпы, Ақтөбе өңірінде соңғы жылдары қуаңшылық қатты сезіліп жатыр. Су тапшы, жайылымдар жұтап барады. Осының бәрі партия назарында, – деді Е.Саурықов.

 

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button