Қоғам

Еңбек бағалануымен құнды

Алғыс айту күніне және Жұмысшы мамандықтары жылына орай елордалық Дін істері жөніндегі басқармасы және «QAMQOR-ASTANA» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтті. «Еңбек пен алғыс: қоғам дамуының негізі» атты жиынға діни бірлестік өкілдері қатысты.

Ұлттық Академиялық кітапханада өткен іс-шара елордамыздағы конфессияаралық келісімді нығайту, халық бірлігін сақтау, қоғамдағы дәстүр институтын және қазақстандық қоғам құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Жиынға қатысушылар үшін алдымен «Кітапхана – білім ордасы» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылып, республикалық кітапхананың ерекшеліктері таныстырылды.

Отырыстың ашылуында Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен алғы сөз сөйлеп, мереке қарсаңында жиналғандарға алғысын білдірді.

– Кез келген мемлекеттің іргесін нығайтатын басты құндылықтар – адал еңбек пен шынайы алғыс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ­Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, еңбек адамының мәртебесін көтеру қажеттігін айрықша атап өтті. Әр салада жемісті еңбек етіп, еліміздің игілігі жолында сапалы жұмыс істеп жүрген әр азамат құрметке лайық. Айтулы жылы елордада бірқатар айрықша іс-шараларды өткізу жоспарланған. Солардың бірі – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының келесі VIII съезі. Сондықтан биыл нәтижелі жобалар жүзеге асырылады деп сенемін, – деді өз сөзінде Е.Берікұлы.
Бірқатар діни бірлестік өкілдері қатысқан отырыста қоғамда еңбек адамының мәртебесін арттыру маңызы айтылып, Жұмысшы мамандықтары жылы аясында алдағы уақытта өтетін іс-шаралар туралы ұсыныстар ортаға салынды.

«Баршаңызды алдымен Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Қасиетті ай бірлік пен мейірімге үндейтін мерекеміз – Алғыс айту күнімен қатар келіп отыр. Адамгершілік пен имандылықты өмірінің қазығы еткен халқымыз қиын-қыстау сынақ жылдарында қамыққан жанға қамқор бола білді. Елорда мешіттерінде Рамазан айында түрлі қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылып, жамағатқа рухани-танымдық бағдарламалар ұсынылады» деді елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов.

Ашық пікір алмасу форматында өткен отырыс барысында мұндай іс-шаралардың ерекше құндылығы назарға алынып, еңбек адамдарына алғыс айту белгілі бір күнде ғана емес, әрдайым айтулы қажеті сөз болды.

Индира Бержанова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button