Жаңалықтар

ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН

Елорданың Сарыарқа ауданында 390 мыңдай адам тұрады.  Мұндағы көшелер мен ғимараттар күн сайын келбеттеніп, қала көркін одан әрі аша түсуде. Осындай жағымды атмосфера аудандағы әр сала өкілдерінің жемісті еңбегі нәтижесінде орнағаны даусыз.

????????????????????????????????????

Өз тірлігін тындырымды атқарып, тиянақты жұмыс істеген мамандар кеше алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Оларды Сарыарқа ауданы әкімі Павел Кулагиннің атынан орынбасары Талғат Рахманберді табыстады.

????????????????????????????????????

Үкіленген үздік қызметкерлердің арасында №4 емхананың бас дәрігері Серік Шәймерденов, №10 емхананың терапевт-дәрігері Назира Сәметова, №4 емхананың педиатрия бөлімі аға медбикесі Әлима Ағымова бар. Сонымен қатар, қошеметтен аудандағы тәртіп сақшылары да тыс қалмады. Дәлірек айтсақ, жергілікті полиция қызметінің инспекторлары Бауыржан Қасенов, Айдос Нұрдәулетов, Асан Мұратов, Ерлан Уахитов пен ювеналды полиция бөлімінің басшысы Әлия Қолышпаеваға әкім грамоталары берілді. «Елордалық дезинфекция» ЖШС директоры Шәміл Гадизаевты ортаға шақырарда әкім орынбасары «Дәл осы кісінің арқасында біздің ауданда маса жоқ» деп ерекше құрмет көрсетті. Бұдан бөлек, кездесу барысында коммуналдық қызмет басшылары – «Лифт Құрылыс» ЖШС директоры Дмитрий Березовский, «Нестеренко» ЖК  директоры Виктор Нестеренко, «Бейнеуорталық» ЖШС директоры Бауыржан Оспанов, сондай-ақ мердігерлік ұйым өкілдері – «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ жұмысшысы Дархан Достияров пен «Install Сервис Com» ЖШС директоры Қайрат Уәлиев атап өтілді. Ал білім беру саласынан Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназияның биология пәні мұғалімі Баян Шәймерденова, Балалар көркемөнер мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Әлия Өтепова, №19 «Балбөбек» балабақшасының меңгерушісі Алмагүл Төлеуова секілді педагогтар марапатталды.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button