ЖаңалықтарҚала тіршілігіҚоғам

Еңбек етуші мүддесін қорғайды

Кәсіподақ мүшелері елордадағы белсенді қызметі үшін марапатталды. Еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарды қорғаудағы белсенді қызметі, сондай-ақ әлеуметтік әріптестікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін кәсіподақ мүшелеріне елорда әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттар табыс етілді.

[smartslider3 slider=102]

Марапаттау рәсіміне Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов қатысты. Басқарма басшысы әкімнің атынан қатысушыларды келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.
Айта кетейік, 10 қазан – Кәсіподақтар күні. Атаулы дата Үкіметтің 2019 жылғы 22 мамырдағы №303 қаулысына сәйкес атап өтіледі. Тұңғыш Президент -Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев                 «Қазақстанның кәсіподақтары – тұрақты­лықтың тірегі, әлеуметтік-еңбек қатынастарының базалық элементі» деп кәсіподақтар қызметін жоғары бағалаған болатын. Еліміздегі Кәсіподақтар федерациясы – жұмыс берушілер мен еңбеккерлер арасында басты алтын көпір, қоғамдағы ірі және қуатты азаматтық институттардың бірі. Ұйымның қызметі қызметкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауға, өндіріс шарттарын жақсартуға, еңбек дауларын реттеуге бағытталған.
Аталмыш шарада кәсіподақ алдында сіңірген ерекше еңбегі, жемісті, көп жылғы еңбегі және кәсіподақ қозғалысының қалыптасуына, бірлігін нығайтуға және дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан кәсіподақтар федерация­сының атынан медальдар табыс етілді.
Нұр-Сұлтан қаласы кәсіподақ орталығының басшысы Төлеген Күнәділов өз сөзінде 105 мыңға жуық қызметкер мен 508 бастауыш кәсіподақ ұйымдары елорданың өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқанын атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіне сәйкес, еңбек дауларын шешу жөніндегі комиссия қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында қала әкімінің төрағалығымен комиссия құру тапсырылды. Осыған байланысты биылғы 12 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ­Алтай Көлгіновтің төрағалығымен жаңа құрамда комиссия бекітілді. Кәсіподақ орталығы еңбекақы төлеу мәселелерін одан әрі шешуге бағытталған жұмысты жалғастырады. Біз сондай-ақ әлеуметтік серіктестермен ұжымдық шарт арқылы қызметкерлерді қолдау шараларын жетілдіру бойынша жұмыс істейміз, – деді Т.Күнәділов.
Кәсіподақ орталығының басшысы сондай-ақ кәсіподақтардың басты ұстанымы қызметкерлердің әл- ауқатын арттыру, олардың табысы мен өмір сүру деңгейін жақсарту екенін атап өтті.

Бауыржан Сегізбаев

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button