Білім

Еңбек нарығы өзгерді, әкім гранты көбейді

Кезінде танымал болған мамандықтарға бүгінде сұраныс жоқ. Технологияның қарыштап дамуы тіпті кейбір мамандықтарды еңбек нарығынан «сызып» тастады.

Қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова да өткен жылы мектеп түлектерімен кездескенде еңбек нарығында қандай мамандар сұранысқа сай болса, әкім гранты да соған байланысты болатынын айтқан болатын. Уақыт талабын ескеріп, әкімдіктің білім грантына қатысты мемлекеттік тапсырысқа өзгерістер енгізгені сондықтан. 2025 жылға қарай елімізде туризм, білім беру, сауда-саттық, көлік және логистика салаларында жаңа жұмыс орындары көптеп ашылады деген болжам бар.
Нақты айтқанда, Астана әкімінің гранты жетімдерге, мүгедектерге, балалар үйлерінің тәрбиелену­ші­леріне, көпбалалы отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Мәселен, 2018-2019 оқу жылына 19 мамандық бойынша 102 грант бөлініп, бүгінде техникалық, инженерлік, медициналық және педагогикалық мамандықтар бойынша студенттер қаламыздың жоғары оқу орындарында тегін білім алуда.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button