Жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

1-1

Кеше Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті.
Жиында еңбек қатынастарын тиімді ұйымдастырудың, сондай-ақ қаланы дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда 8 ұйым 106 қыз­меткерге жалпы сомасы 37 млн. 300 мың теңге қарыз.

Осыған байланысты қала басшысы барлық құрылыс компания­лары мен мердігер ұйымдарды бақылауға алуды тапсырды. Ол сондай-ақ, құрылыстың сапасы мен тиімділігі салада жұмыстың қалай ұйымдастырылғанына тікелей байланысты екенін атап өтті.

Кеңес барысында әкім қаладағы көлік тұрақтарына қатысты кө­кейтесті мәселені көтерді. Анық­талғандай, елорданың ірі сауда орталықтары көлік тұрақтарына арналған орындарды шағын бизнес нысандары ретінде жалға беріп келеді. Бұл мемлекеттік мекемелер тарапынан тиісті ба­қылаудың жоқтығын білдіреді. Әділбек Жақсыбеков автотұрақ аймақтарын пайдалануға байланысты кешенді тексеріс жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, кеңесте елорда инфрақұрылымы мен алдағы ме­рекелік шараларға дайындық барысы сөз болды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button