Жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары Андрей Лукиннің төр­аға­лығы­мен әлеу­меттiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қаты­настарын реттеу жөнiндегi қалалық үшжақты комиссиясының кезектi отырысы өтті.

????????????????????????????????????

Күн тәртібінде өндірістік жарақатқа жол берген жұмыс берушілерге қолданған шаралар туралы, кәсіпорындардағы жарақат алу себептері жан-жақты айтылып, қазіргі еңбек нарығындағы жағдай сөз болды. Сондай-ақ, комиссия жанынан құрылған ұжымдық еңбек дауларын алдын алу және рұқсат беру жөніндегі кеңестің жұмысы мен балаларға жазғы сауықтыру науқанын даярлау, бұл саланы жетілдіру жайы көтерілді.

Үшжақты комиссия «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын ілгерілету жөнінде іс-шаралар жоспарын орындау, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін айқындайтын «Парыз» конкурсына қатысу тәртібін жұмыс берушілерге түсіндіру, әлеуметтік әріптестік шеңберінде салалық кәсіпорындардың тиісті құрылымдарымен, мемлекеттік органдармен ынтымақтастығын арттыру мәселелері талқыланды.

Жиын қорытындысында қолданыстағы Еңбек кодексінің нормаларын, түсіндіру бойынша жұмыстарды жалғастыру, еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды, ақпараттық қолдауды арттыру сынды шешімдер қабылданды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button