Сайлау - 2021

Еңбек ұжымдарымен кездесті

ҚР Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов, Мәжіліс депутаттығына үміткер Ғазиза Тәжібаева, облыстық филиал төрағасы Жаңбырбай Матаев бастаған республикалық штаб мүшелері Маңғыстау өңіріне сапары барысында «Багис» және «КапремСервис» кәсіпорындарының ұжымымен кездесті.

Кездесуде «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
«Өздеріңізге белгілі сайлауалды науқаны жүріп жатыр. Бүгін Маңғыстау облысындамыз. Маңғыстау өңірі – «Ақ жол» партиясының негізгі тірегінің бірі. Қазақ «елу жылда – ел жаңа» деген. Біздің басқару жүйемізде үлкен мәселелер сақталып отырғанына елімізде пандемия басталғанда көзіміз жетті. Біз қай саланы алсақ та жемқорлық жайлап, дағдарысқа ұрынғанын көрсетті. Біздің ұсынысымыз экономикалық саяси түбегейлі өзгерістер қажет, – деді Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов.
Ал «Ақ жол» демократиялық партиясының жастар қанатының жетекшісі Ғазиза Бақтиярқызы маңғыстаулықтарға партия ұсынған осы өзгерістердің іске асуы сіз бен біз таңдауымызға байланысты деп, «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырды. Кездесуге қатысқан ұжым мүшелері «Ақ жол» партиясына ақ жол тілеп, сайлауда ойдағыдай нәтижеге қол жеткізуіне тілеулестік білдірді.
«Ақ жол» партиясының Маңғыстаудағы үгіт-насихат тобының сапары жалғасуда. Осыдан бұрын партияның үгіт-насихат тобы Батыс Қазақстан облысында кездесу өткізіп, Орал қаласындағы «Болашақ-Т» кәсіпорнының еңбек ұжымының жұмысшыларымен әлеуметтік мәселелер бойынша талқы өткізген болатын.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button