Басты ақпаратЕлорда тынысы

Еңбек жағдайы жақсарды

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Астана қаласындағы полиция департаментінің негізгі ғимаратына барды. Бұл туралы ІІМ басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында ақпарат жариялады.

«Өткен жылдың соңында астаналық полиция департаменті жаңа ғимаратқа көшті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, полицияның сервистік моделін енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Елордадағы полиция департаментінің ғимаратында жаңа екі қабатты фронт-кеңсе жұмыс істейді. Фронт-кеңседе азаматтарды қабылдайтын бөлмелер, медиация кабинеті, күту залы және ақпараттық орталық бар. Таңғы 08:30-дан кешкі 18:30-ға дейін жұмыс істейді. Жұмыстың тиімділігін арттыруда қызметкерлердің кәсібилігі мен дайындығы маңызды рөл атқарады. Полицейлердің еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс жалғасын тауып жатыр. Мәселен, қызметкерлерді спортқа бейімдеу үшін полиция департаментінің негізгі ғимаратында спорт залы салынды. Басты міндет – халықтың ішкі істер органдарына деген сенім деңгейін арттыру» деп жазды Ержан Сәденов. Оның айтуынша, әр өңірде полиция қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту бойынша жұмыс жалғасады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button