Сұхбат

ЕҢБЕККЕР МЕРЕЙІН АСЫРАТЫН МЕРЕКЕ

Аргандыков

Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде елімізде тұңғыш рет Еңбек күні мерекесі тойланады. Мейрамды атап өту жоспары жайлы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қорғау вице-министрi Дәулет АРҒАНДЫҚОВ әңгімелейді.

– Мерекенің мәні мен маңызына тоқталсаңыз.

– Бірнеше жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан  Назарбаев Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеяны ұсынды. Осы идеядан шығып отырған Еңбек күні мерекесі былтыр Елбасы Жарлығымен ресми түрде бекітілді. Бұл мейрам еңбек адамының қоғамдағы мәртебесiн арттыруға, өндiрiстiк қызметтердi ынталандыруға, жұмысшы мамандықтарды насихаттау мен көпжылдық еңбек дәстүрлерiн нығайтуға бағытталған.

– Мереке аясында қандай шаралар өтетінінен хабар берсеңіз.    

– Осы жылы тұңғыш рет мерекеленетiнiн ескере отырып, әлеуметтiк әрiптестiк бойынша республикалық үшжақты комиссия отырысында Еңбек күнiн өткiзу бо­йынша iс-шаралар жоспары бекiтiлдi. Олардың арасында еңбек ұжымдарын бiрiктiруді, корпоративтiк рухты нығайтуды көздейтін шығармашылық, спорттық шаралар бар. Биыл «Еңбек ардагерi» медалi тұңғыш рет бекiтiлiп отыр. Бұл – барлық сала жұмыскерлеріне арналған ведомстволық марапат. Аталған медальмен 40 жылдан астам еңбек өтiлi бар және бір салада 10 жыл еңбек еткен жандар мен еңбек қызметiнде жоғары көрсеткiштерге қол жеткiзген мамандар марапатталады.

– «Еңбек ардагерi» медалiн табыстау рәсімі нақты қай күні, қай жерде өтеді?

– Біздің министрлік 26 қыркүйек күнi Ұлттық мұражайда Еңбек күнiн мерекелеуге арналған форум өткiзеді. Аталған шара барысында «Еңбек ардагері» медалімен 10 адамды марапаттаймыз. Медаль отын-энергетика, агроөнеркәсiптiк кешен, металлургия, мұнай және газ, құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, бiлiм беру, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлерiне табысталатын болады.

 Аманғали ШМИТҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button