Sport

ЕНУ СТУДЕНТТЕРІ – УНИВЕРСИАДА ЧЕМПИОНЫ

ERA_2261

Астанада VІІІ жазғы Универсиаданың футбол турнирі мәресіне жетті. Еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы біріншілікте Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің командасы чемпион атанды.

«Жас батыр» стадионында екі апта бойы өткен универсиада финалдық ойындарына әр аймақтан топ жарған үздік студенттер командалары қатысты. Жарыстың бірінші күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Алматы қаласынан келген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті командалары кездесіп, астаналықтар 2:1 есебімен жеңіске жетсе, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті студенттері С.Асфандияров атындағы Қазақ медицина университеті командасынан басым түсті. Бұл жарыс­та С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті командасы да жақсы қырынан көрінді.
Универсиада турнирінің соңғы ойыны Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен астаналық «аграршылар»командасы кездесті. Өте тартысты өткен бұл ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Жарыс қорытындысында турнир барысында бірде-бір жеңіліс көрмеген Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті командасы (ректоры Ерлан Сыдықов) жеңімпаз атанса, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті командасы (ректоры Ақылбек Күрішбаев) күміс жүлдені иеленді. Қола жүлде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті командасына (ректоры Жұмахан Мірхалықов) бұйырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button