Жаңалықтар

ЕҚЫҰ БАҚЫЛАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ERA_7316

Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев елордадағы электоралдық науқанға ЕҚЫҰ миссиясынан тіркелген бақылаушылармен кездесті.

Кездесу барысында бақылау­шы­лар 2015 жылғы 26 сәуірге та­ға­йындалған кезектен тыс Президент сайлауына дайындық барысында қала әкімдігінде атқарылып жатқан жұмыстарға қызығушылық білдірді. Бұл ретте қала әкімінің орынбасары сайлау туралы конституциялық заңға сәйкес, әкімдік сайлау учас­келерін құру мен шекарасын анық­­­тауға, олардың материалдық-техни­калық жарақтандырылуына, залдың безендірілуі мен дауыс беру жәшіктерінің болуына, үміткерлердің өмірбаяны жазылған стендтердің ілінуіне жауапты екенін ескертті.

Бүгінгі таңда Астанада 189 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сонымен бірге елшіліктерде және шетелдің дипломатиялық миссияларында
65 учаске орналасқан. ЕҚЫҰ миссиясынан тіркелген бақылаушылар елордада сайлау аяқталғанға дейін болатындарын айтты.

– Біздің арамызда барлығы 35 ба­қы­лаушы бар. Олардың 12-сі – Астанада, қалғандары аймақтарда жұмыс істеп жатыр. Біз сайлауға дайындық жұмыстарын бақылап, электоралды науқанға қатысушылармен және үміткерлермен, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесудеміз, – деді Румыниядан келген бақылаушы Рауль Мюрсан.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button