Елорда тынысы
Ер адамның мүрдесі табылды
Астанадағы аудандардың бірінде ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Құқық қорғау органы қызметкерлерінің хабарлауынша, бүгін сағат 18:50-де 102 арнасына Байқоңыр ауданының Янушкевич көшесінде ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен.
Полицияның мәліметтеріне қарағанда, оқиға орнында пышақ жарақатын алған 53 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
«Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының барысында 31 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адамның арасында жанжал туып, соңы кісі өлімімен аяқталған. Заттай дәлел ретінде пышақ табылып, қылмыстық іс қозғалды»,-деп мәлім етті Полиция департаментінен.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.