Жаңалықтар

Ер Панфиловтың ескерткіші

d9bc57e7d722969e32c8b4c3bdc

7 мамырда Момышұлы мен Жұмабаев даңғылдарының қиылысындағы «Жерұйық» саябағында генерал Панфилов атындағы аллея ашылады.  

Ер Панфиловқа ескерткіш тұр­ғызылып, алдына гүл шоқтарын қоюға арналған тақта орнатылады. Ескерткіштің ұзындығы – 2,5 метр. Монумент қоладан құйылған. Бұдан бөлек, Совет Одағының Батырының алтын жұлдызы бар 28 стелла жасалды. Ескерткіштің шығыс бөлігінде майданда ерлік көрсеткен 28 жауынгерге арнап табиғи граниттен естелік тақтайшалар қойылады.
Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, аллеяға қарасты аумақты абаттандыру үшін көгалдандыру, шағын архитектуралық пішіндер қою, екі үлкен прожектор мен 16 шам орнату көзделген.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button