ЖаңалықтарМәдениетРуханият

Ер Төстіктен енші алғандар

Ұлттық академиялық кітапханада «Балалар әдебиеті жылына» орай өткізілген «Ер төстік» балалар мен жасөспірімдер шығармалары әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды.

[smartslider3 slider=176]

«Балалар әдебиеті жылына» орайластырылған шара мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің шығармашылығына арналды. Екі ай ішінде 90 автордан 100- ге жуық жұмыс қабылданды. Жас қаламгерлер проза, ертегі, өлең және үздік иллюстрация аталымдары бойынша іріктелді. Марапаттау рәсіміне жазушылар, депутаттар және ұстаздар қауымы қатысты.
«Шабылмаған жүйрікті, шағылмаған бала шапсын» деген. Сол айтқандай, «Ер Төстік» әдеби байқауында ізі бітпейтін, тұяғы кетпейтін тұлпарды иеленген жүйріктеріміз әрдайым шаба берсін. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймын. Болашақта шығармашылықтарына табыс пен сәттілік тілеймін. Әдеби байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге арнап жазатын талантты қаламгерлерді анықтау, лайықты марапаттау, қазақ балалар әдебиетін қолдау және дамыту, – деді ақын, Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.
Марапаттау рәсімі бірнеше номинациялар бойынша өтті «Проза» жанры бойынша 1-орынды Нұрбек Нұржан – «Кітап патшалығы» шығармасы үшін, «Ертегі» номинациясы бойынша 1-орынды Балнұр Қызырбекқызы – «Жоғалған сиқырлы таяқша туралы ертегі» шығармасы үшін, «Балаларға арналған өлеңдер» аталымы бойынша 1-орынды Шәмшия Жұбатова – «Өлеңдер» топтамасы үшін, «Үздік иллюстрация» аталымы бойынша 1-орынды Жеңіс Кәкен еншіледі. Сондай-ақ қатысушыларға арнайы номинациялар мен жүлделер ұсынылды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button