Sport

ЕР ЖӘНІБЕК ЖҮЛДЕСІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

450_5143fddfad2d7

18 мамыр күні Ер Жәнібектің 300 жылдығына орай каратенің киокушинкай-кан түрі бойынша­ балалар­ мен жасөспірімдер арасында­ сайысөтті. Оғанұлдар менқыздарқатысты.

Астана қаласы іргесіндегі Қоянды ауылы орта мектебінде қазақтың біртуар ұлына арналған жарыс ресми түрде Целиноград ауданының балалар мен жасөспірімдер арасындағы VI ашық біріншілігі болып есептеледі.

Аталған шараны киокушинкай-кан карате федарациясы мен Қоянды орта мектебі бірлікте ұйымдастырып, сайысқа Ақмола облысы және Астана қаласынан 200-ден аса балғын спортшылар қатысты. Жас ерекшеліктеріне қарай үш түр бойынша өткен жарыста 66 жүлдегерлерге алтын, күміс, қола медалдардан бөлек Ер Жәнібек атындағы төсбелгі мен басқа да марапаттар тапсырылды.

Шараға қатысушылар ерлер рухы арқылы ел мерейін көтерудің жарқын үлгісі болған осындай бас қосудың бұдан кейін де жалғаса беруіне тілеулес болып, шынайы алғыстарын білдірді.

Жандос Есенаманов,
Сағай Арман

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button