ДенсаулықЖаңалықтарҚала тіршілігі

Ерекше арт-нысан

Ботаникалық бақта жүрегін донор еткен жандардың құрметіне арнайы инсталляция орнатылды. Жаңа инсталляцияның ресми атауы «Сый» деп аталады.

[smartslider3 slider=402]

«Елордамызда адам өмірінде маңызды жайттарға қатысты жаңа дүниелер пайда болып жатқанына қуаныштымыз. Мағынасы терең әрі керек жоба деп ойлаймын. Адамға ой салады. Бір жағынан өмірді бағалау керектігін еске салса, екінші жағынан донор болу адамгершіліктің белгісі екенін көрсетіп отыр. Әкімдік тарапынан осы секілді қоғам үшін маңызды жобалар мен шараларды қолдауға әрдайым дайынбыз. Жоба авторы мен оны жүзеге асырған жандарға алғысымды білдіремін» деді арт-нысанның ашылуына қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов.
Жүрек донорларының құрметіне қойылған арт-нысан ҚР Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының «Жүрек орталығы» қорының бастамасымен жүзеге асырылды.
«Арт-нысанды елорда төрінде ашу туралы идеяны біздің ұжым көтерді. Бұл – жүректерін донор еткен жандар мен олардың жақындарына деген құрметтің белгісі. Өйткені донор болу жүректің қалауы және оңай шешім емес. Донор болу – қайырымды іс, бұл жерде пайда көру деген секілді жеке мүдде көзделмеуі тиіс. Туындыны көрген адамдар біле жүрсін деген мақсатымыз да бар, өйткені жүрегін донор еткен жандар өзге біреудің өмірін құтқарды» дейді ҚР Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басқарма төрағасы Юрий Пя.
«Арт-нысан жасау идеясын маған «Жүрек орталығы» ұсынды. Ұсынысты қуана қабыл алдым. Өздеріңізге аян, жүрек – адамның басты ағзасы. Бірнеше эскиз жасап ұсындым, соның ішінен осы инсталляцияны таңдап алды. Арт-нысан жүрек формасында тростан жасалған. Қызығы сол, туындыны әркім әрқалай қабылдап жатыр, біреу жүрек формасында десе, екіншісі шамға ұқсатып жатыр» деді жоба авторы Эдуард Казарян.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button