Елорда тынысы

Ерекше балалар ескерусіз қалмайды

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында ерекше қажеттілігі бар балалар мәселелері бойынша ұйым өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынға қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов және Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина да қатысты.

[smartslider3 slider=2498]

Сенаторлардың аймақтарға шығып, халықпен кездесуді бастағанын мәлімдеген А.Күрішбаев елордада алдымен ерекше қажеттілігі бар балалар мәселелеріне назар аударғанды жөн көрген. Оның айтуынша, қазіргі таңда бас қалада осындай бес жарым мың бала бар. Олардың білім алуы және тұрғын үймен қамтылуы – қазіргі таңда ең өзекті мәселе. Кездесуге қатысушылардың бірі «Strong mothers» ҚҚ басшысы Райгүл Серікбаева 5-6 балалы отбасылардың ЖОО-да ақылы білім алатын 2 баласы болса, соның біреуіне болса да грант алып беру туралы ұсыныс айтты.

– Оларға арнайы көмек керек, мемлекет бұған назар аударуы қажет. Көптеген мәселелер көтерілді, соның ішінде олардың тұрғын үймен қамтылуы, орта кәсіптік немесе жоғары білім алуы бойынша заңдар өзгерістер енгізуді қажет етеді. Мұндай балалар мектепте оқығанмен, көбіне колледж, университеттерге оқуға түсе алмай қалады. Себебі білім беру орындарында оларға техникалық жағдай жасалмаған, арнайы педагогтар да жоқтың қасы. Сол себепті көптеген дарынды балалар оқуға түсем десе де түсе алмай жүр. Еліміздің болашақ азаматы ретінде олар да мамандық алмаса, ертеңгі күнде жағдайы қалай болады? Осы ретте біз жүйелі шешімдер қабылдауымыз қажет. Осы мәселелердің бірқатарын өзіме түртіп алдым, олардың кейбірін бұрыннан да көтеріп жүрмін, әрі қарай да шешілгенше жұмыс жүргіземін, – деді Сенат депутаты.

Сонымен қатар бұл кездесуде ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға «Мүгедек баласы бар немесе сондай бала тәрбиелеп отырған отбасы» мәртебесін беріп, оларға заңдық тұрғыда бекітілген барлық мемлекеттік жеңілдіктерді ұсыну, кейіннен сатып алу құқығымен үй жалға беру мәселелері сөз болды. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларды бөлек санатқа жатқызу қажеттілігі айтылды, себебі қазіргі таңда осындай отбасылар баспана кезегінде он жылдап тұрады. 5 жыл бойы жергілікті бюджет есебінен кейіннен сатып алу құқығымен үй жалдау ақысын төлеу үшін табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға ай сайын 90 мың теңге субсидия бөлу, ипотекалық несиесін төлеу­ге тұрғын үй төлемдерін өтеу механизмдерін жасап шығару, баланың диагнозы қандай болғанына қарамастан ата-анасының бірін 50 жаста зейнетке шығару мәселесі де көтерілді. Осындай отбасылардағы ата-ананың біріне жалақының ең төменгі мөлшерінің 19 пайызы көлемінде зейнетақы аударымын төлеу, менталды ауытқушылығы бар балаларды оңалту бойынша қызметтер санын көбейту, балаларды жалпы білім беретін жүйеге тарту үшін тьюторлар санын арттыру жайы да қаралды. Сондай-ақ менталды ауытқушылығы бар балалармен жұмыс жүргізетін мамандар дайындауға грант санын көбейту, мемлекет есебінен АВВА мамандарын оқыту, аутизмге шалдыққан балалар үшін санаториялық-курорттық емдеу жолдарын ұсыну, инва-такси қызметін дамыту, 2-топтағы менталды ауытқушылығы бар балаларды 18 жасқа толғаннан кейін күтіп, баптауға жәрдемақы тағайындау жайы да назардан тыс қалмады.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button