Қоғам

Ерекше балаларды қолдаудың жаңаша үлгісі

Елорданың №65 мектеп-гимназиясында «Самұрық-­Қазына» АҚ мен Астана қаласының әкімдігі бірлесіп жүзеге асырған инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Жаңа кабинет ерекше әдіс-тәсілге мұқтаж балаларды оқыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Кабинет Open Space форматында дайындалған және дефектолог, логопед, психолог және керамика шеберханасының жұмысына арналған орындарды қамтиды. Сонымен қатар қажетті спорт жабдықтары бар емдік-дене шынықтыру кабинеті де бар. Бұл – Астанада ашылған 5 жаңа кабинеттің бірі. Осыған де­йін ашылған №32, 52, 61, 65 және 90 мектептердегі инклюзия кабинеттерінде 240 бала қамтылған. Астанадағы инклюзия кабинеттеріне қалада тұратын мектеп жасындағы ерекше қажеттіліктері бар балалардың шамамен 16 пайызы қатысады. Жалпы елордада ерекше қажеттіліктері бар 21107 бала бар.

«Инклюзияны қолдау кабинеттері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін, оның ішінде психикалық және сөйлеу қабілеті уақытылы дамымаған, сондай-ақ қарым-қатынас жасауы қиын оқушылар үшін қолайлы орта жасайды. Біз осы кеңселер желісін кеңейтуді жалғастырамыз. Әрбір жаңа кабинет арқылы әрбір баланың дамуы үшін тең мүмкіндіктері бар инклюзивті білім беру ортасының шекарасын кеңейтеміз» деп атап өтті Астана қаласы Білім басқармасының бас маманы Гүлшат Исинова.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің, «Самұрық-­Қазына» АҚ, Білім басқармасы өкілдерінің, елордалық мектеп директорларының, педагогтар мен ерекше балалардың ата-аналарының қатысуымен өткен салтанатты жиында ерекше қажеттіліктері бар балалардың қоғамда әлеуметтенуіне кешенді түрде қолдаудың маңызын атап өтті. Ал инклюзия кабинеттері – бұл жүйенің маңызды бөлігі.

Гүлшат Сапарқызы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button