Қоғам

Ерекше балаларға арналған футбол командасы ашылды

Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған футбол командасы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жобаның басты мақсаты – барлық балаға тең мүмкіндік беру, олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау және дене шынықтыру арқылы өмір сапасын жақсарту.

Жаңа команда алғашқы жаттығуларын бастап кетті. Балалардың спортқа деген қызығушылығы мен құлшынысын көріп, жаттықтырушылар үлкен шабыт алып отыр.

Бүгінгі таңда команда құрамында он бала бар. Олар аптаның сенбі және жексенбі күндері тегін түрде футболға келіп, қатысады.

Жалпы, осы Сырбай Мауленов атындағы №37 мектеп-лицейінде аяқ доп ойыны кеңінен дамып жатыр. Өткен жылы оқу ордасының аналардан тұратын «Аналар» футбол клубы құрылды. Жақында ғана команда құрамы Ресейдің Омбы қаласында әйелдер арасында өткен халықаралық турнирде екінші орын иеленді. Ерекше атап өткен жөн аналар командасындағы Мейрамгүл есімді ойыншы 14 гол соғып, «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button