Елорда тынысы

Ерекше балаларға – базарлық

«Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен елордада 200 ерекше балаға «Жаңа жылдық ертегі-2022» ертеңгілігі өтті. Шараға «G-Park» құрылыс компаниясының президенті Ғабит Сәтмағамбетовтің жеке қоры демеуші болды.

[smartslider3 slider=1670]

Ертеңгілікте аниматорлардың қатысуымен жаңа жылдық қойылым көрсетілді. Балаларға түрлі сыйлықтар таратылып, ойын ойнатылды. Арнайы қонақ ретінде шақырылған әнші Жарқынай Ханайым балаларға Disney мультфильмдерінің әнін қазақ тілінде шырқады.

Іс-шараға «Biz Birgemiz» қоғамдық қорының төрағасы Перизат Қайрат, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Закиева, «Jas Otan» ЖҚ өкілдері, Ғабит Сәтмағамбетов қорының директоры Айнұр Оспанқызы, Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен, Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров қатысты.

Іс-шараға БЦП, аутизм және Даун синдромы диагнозымен 200 бала қатысып, денсаулық жағдайына байланысты 600 балаға сыйлықтар үйіне жеткізілді.

 Перизат Қайрат, «Biz Birgemiz» ҚҚ төрағасы:

– Бұл іс-шарамыздың негізгі мақсаты – балаларға жақсы көңіл күй сыйлау. Шараға елордадағы көпбалалы және ерекше балалардың ата-анасын шақыр­дық. Қор атынан 800 ерекше баланы жаңа жылмен құттықтап, сыйлық табыстадық. Одан бөлек, денсаулық жағдайына байланысты басқа балаларға да сыйлықтары үйіне жеткізіледі. Бұл шараға демеуші болған «G-Park» құрылыс компаниясының президенті Ғабит Сәтмағамбетовтің жеке қорына алғысымызды білдіреміз!

Қайрат ҚАМБАРОВ, Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

– Әр бала бақытты болуға лайық. Бүгінгі ата-аналар мен балалардың қуанышын көріп мәз болып тұрмын. Қоғамда ерекше балалар мен көпбалалы отбасылар назардан тыс қалмауы тиіс деп ойлаймын. Барлық балаларды жаңа жылдарымен құттықтаймын!

Ару АСЫЛЖАНОВА, ерекше баланың анасы:

– Бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Қызым қатты қуанып отыр. Мұндай орта, дәл осындай атмосфера ерекше әсер сыйлайды ғой. Қызымның қуанышын көріп өзім де мәз болып отырмын.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button