Ерекше балалары бар отбасыларды қолдау қызметі іске қосылды
Астанада пилоттық режимде дамуында бұзылу қаупі бар немесе дамуында ерекшеліктері бар балалары бар отбасыларды ерте қолдау қызметі іске қосылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
0 жастан 3 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар қызмет мамандарына жазыла алады. Ата-аналарды оқытуға баса назар аударылады.
Ерте қолдау қызметін «Мүмкіндіктер уақыты» жобасы аясында «Дара» қоры ашты.
Егер бала қатарластарына қарағанда моториканы баяу меңгерсе, сөйлеу дамуында артта қалса, агрессия көрсетсе немесе үнемі жыласа, сондай-ақ ұйқысы мен тәбеті бұзылған болса, ата-аналарға ерте қолдау қызметіне жүгіну қажет болады. Егер ата-ананы бірнәрсені алаңдатса және олар баласының даму ерекшеліктерін жақсы түсінгісі келсе, оларға қызмет мамандары көмектеседі.
Ерте қолдау – бұл ата-аналар мен балаларға кешенді көмек.
Қызмет көрсету мамандары ата-аналарға баласын өмірінің алғашқы кезеңдерінде функционалды түрде дамытуға үйретеді. Олар қай бағытта қиындықтар болғанына байланысты қызметтерді таңдайды. Бұл қоршаған ортаны білу, қарым-қатынас жасау, еңбектеу немесе серуендеу дағдылары, сондай-ақ тамақтану, қол жуу және т.б. сияқты дағдылары болуы мүмкін.
Ерте қолдау қызметі елорданың екі психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің базасында ашылды. Отбасыларды кешенді қолдау үшін үш орын ұйымдастырылған: дамыту аймағы – балалар үшін, кеңес беру аймағы – ата-аналар үшін және жұмыс аймағы – маман үшін. Отбасыларға барлық көмек тегін көрсетіледі.
Астана қаласының №1 және №2 түзету кабинеттерінің мәліметтері бойынша, қазір елордада 200-ден астам отбасы ерте қолдау мамандарының көмегіне мұқтаж.
«Балалармен жұмыс істеудің басқа бағдарламаларынан айырмашылығы, мұнда қызмет мамандарының кешенді тәсілі басты рөл атқарады: олар тек баламен ғана емес, бүкіл отбасымен де жұмыс істейді. Балалар кәсіби мамандардан дербес өмір сүру ережелерін үйренеді, ал ата-аналар балалармен өзара іс-қимыл дағдыларын игеруге мүмкіндік алады», – деп атап өтті Астана қаласы білім басқармасының бас маманы Гүлшат Исинова.
Ерте қолдау – бұл баланың қазіргі даму жүйесіндегі жаңа бағыт, оның мақсаты баланың бұзылу қаупін азайту болып саналады.
«Қажет болған жағдайда ерте қолдау қызметі мен арнайы білім беру жүйесі, сондай-ақ психологиялық қолдау кабинеттері арасында сабақтастық болуы өте маңызды. Болашақта балада дербес болашақты қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау үшін ақпарат мектептерге берілуі тиіс», – деп атап өтті «Дара» қорының жобалар мен бағдарламалар директоры Марал Шешембекова.
Ерте қолдау қызметі отбасыларды мына мекенжайлар бойынша қабылдайды:
* №1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 22/1, тел. +7 (7172) 27-19-49;
* №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті: Астана қаласы, Ш.Айтматов к-сі, 41а, 1 блок, тел. +7 (7172) 34-61-57.