Жаңалықтар

Ерекше ілтипат көрсетті

Жастар театрында Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығының  5 жылдығына арналған салтанатты іс-шара  өтіп, онда жұмыспен қамту қызметінің ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

DSC_4383

Шараға Жұмыспен қамту орталығымен табысты және жемісті түрде ынтымақтасып келе жатқан жұмыс берушілер де шақырылды. Сондай-ақ, Семей, Шымкент, Степногорск қалаларының және Атбасар ауданынан Жұмыспен қамту орталықтарының өкілдері келді.
Салтанатты жиынға «Жұмыс­пен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның президенті Дәулет Арғындықов қатысып, осы салада ұзақ жылдар бойы қызмет еткен, талай адамның жұмыс табуына жәрдемдескен ардагерлерді және Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерін елорда әкімі атынан, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Ал Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқар­масының атынан Артем Абильдинов құттықтады.
Бұдан кейін Жұмыспен қам­ту орталығының тарихы мен қызметі туралы фильм көрсетілді және фотокөрме ұйымдастырылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button