Елорда тынысы

Ерекше орталық ашылды

Бас қалада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отыр­ған отбасылар үшін «Бақытты шаңырақ» орталығы ашылды. Орталықтың ерекшелігі – мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана емес, олардың аналарына да қажет көмек көрсетіледі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.

[smartslider3 slider=3709]

Мұнда ерекше балалардың аналарына қайта білім алу, біліктілігін арттыру курсынан өту, жұмысқа орналасу бойынша жәрдем беріледі. Сол сияқты психологиялық көмек те көрсетіледі. «Бақытты шаңырақ» орталығы мүмкіндігі шектеулі 600-ден астам баланы қамтиды. Орталық Р.Қошқарбаев даңғылы, 60 мекенжайында орналасқан.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ерекше қажеттілігі бар балаларға жан-жақты жағдай жасау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша елордада 15-тен астам орталық ашылды, олар 4 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі баланы қамтыды. Мәселен, осыған дейін «Асыл мирас», «Орда», «Балам-ай» оңалту орталықтары, сол сияқты №1 қалалық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Олар БЦП, аутизм, Даун синдромы және жүрек талмасы секілді диагнозы бар балаларды оңалтумен айналысады.Сондай-ақ біліктілікті арттыру және жұмысқа орналастыру мәселесіне арналған орталықтар, белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (ардагерлер үйі), әлеуметтік орталықтар («Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы), көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша (Сары­арқа ауданы, Кенесары көшесі, 9/1) ашылды» деді елорда әкімі.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button