Әлеумет

Ерекше құттықтау іс-шарасы ұйымдастырылды

Елордада Жұмысшы мамандықтар жылы және Алғыс айту күніне орай қайырымдылық шарасы өтті. Сарайшық ауданы әкімдігінің еріктілері мен қызметкерлері бұл күнді ерекше атап өтті. Олар коммуналдық қызметшілерге алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара барысында коммуналдық қызметшілерге еңбектеріне алғыс ретінде ыстық шай мен бауырсақ берілді. Олар ауа райына қарамастан күн сайын қала тазалығына үлкен үлес қосады.

Шара бастамашылары акцияның тек коммуналдық қызметшілерді қолдау ғана емес, қоғамда алғыс айту мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын баса айтты.

Еске салайық, 1 наурыз – Қазақстанда Алғыс күні. Биыл Астанада Алғыс айту күнін мерекелеу тағы бір маңызды іс-шарамен – Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралардың басталуымен есте қалмақ. Осы есте қаларлық датаға орай Астанада ондаған түрлі спорттық, мәдени және танымдық іс-шаралар өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button