Қала мен Сала

Ерекше жандар жұмыспен қамтылуда

Елордада мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін көптеген бағдарламалар жасақталып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды жұмыспен қамту маңызды мәселе болып табылады.

2022 жылы Алматы ауданынан халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеу мақсатында ерекше қажеттіліктері бар 307 адам жүгінді, олардың 78-і вахтер, консьерж, тігінші, бағдарламашы, бухгалтер, медициналық тіркеуші, SMM менеджер, қойма меңгерушісі және күзетші мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылды.️

Қазір қалада 30 000-нан астам мүгедек тұрады. Мүгедектерді жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарға жұмыс орындарына квота белгіленген: жұмыскерлер саны 50-ден 100 адамға дейін болғанда – саны 2%; 101-ден 250 адамға дейін – 3%; 251-ден астам адам – 4%. 2023 жылға квота 692 жұмыс берушіге 5418 орынға белгіленді.

Толық ақпарат алу үшін Алматы ауданы азаматтарының әлеуметтік осал санатымен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімінің телефондарына: +7 700 956 9837, +7 (7172) 24-95-86, +7 (7172) 24-96-25 хабарласуға болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button