Ерен тікұшақ – Еурокоптер 645 Т2
Елордада «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» компаниясының «ЕС 645 Т2» жауынгерлік тікұшағының таныстырылымы өтті.
Еуропаның әскери ғалымдары жасаған тікұшақты биік таулы аймақтарда және жанжалды аймақтарда пайдалануға болады. Тікұшақ оптикалық жүйемен, қашықтықты өлшейтін лазерлік құрылғымен, басқарылатын және басқарылмайтын зымырандармен, ірі калибрлі зеңбірекпен жабдықталған.
Ең жоғары жылдамдығы – сағатына 268 шақырым. Ұшу қашықтығы – 663 километр. Оның сериялық өндірісі әлемнің бірде-бір елінде басталмаған. Жалпы тікұшақтар Германия мен Францияда шығарылады. Аталған елдерден алынған жиынтық жабдықтар негізінде Астана да тек құрастыру жұмыстары жүргізіледі. Компанияның коммерциялық директоры Кәрібай Әблезовтың айтуынша, Қазақстанға тікұшақ келесі жылы жеткізілмек.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ