Мәдениет

Ересектерге арналған ертегі

Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында классик жазушы Антуан де Сент-Экзюперидің ең танымал аллегория­лық шығармасы «Кішкентай ханзада» ертегісінің желісімен қойылған моноспектакльдің премьерасы өтті.

– Таңдауым актер, танымал пародист Шыныбек Рахмашев пен Аманжол Қазбекке түсті. Екі құрамда ойнайтын бұл әртістер үмітімді ақтады. Пьесаны біраз қысқарттым. Себебі көрерменді жалықтырып алмауды ойладым. Көп нәрсе көзге көрінбейді, оны жүрекпен ғана сезу керек. Спектакльдің басты идеясы – осы. Менің пікірімше, «Кішкентай ханзада» – ересектерге арналған ертегі, – дейді қойылымның қоюшы режиссері Нұржігіт Мүсілімов.

Моноспектакль музыкасын Аян Томанов жазды. Ал бірінші күні сан алуан кейіпкерді бір өзі сомдаған актер Шыныбек Рахмашев бұрын комедияларда ғана ойнаса, бұл – драмадағы алғашқы рөлі. Сондықтан мол әсер алды. Қойылымға дайындық бір жарым ай жүрді. Антуан де Сент-Экзюперидің өзі ұшқыш та еді. Спектакль ұшқыш бейнесіндегі кейіпкердің сөзімен ашылады. Әрі қарай бір актер ғаламшаларды шарлаған бірнеше бейнені қатар сомдайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button