Ел тынысы

Ереванға жұмыс сапарымен барды

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ереван қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан басшысын ­Армения Премьер-минис­трі Никол Пашинян «Двин» кешенінде қарсы алды.

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ-ның алдын ала бекітілген жұ­мыс жоспарына сай өте­тін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады. Кеңес отырысында Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты туралы ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары бүгінгі таңдағы өзекті саналатын мәселелерді талқылайды.

Саммит жұмысына ­Қазақстан Президенті ­Қасым-Жомарт Тоқаев, ­Армения Премьер-минис­трі Никол Пашинян, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қатысуда.

Армения Премьер-минис­трі Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның Еревандағы сессиясының ашылуы кезінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы болып Иманғали Тасмағамбетов тағайындалғанын мәлім етті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button