Елорда тынысы

Еріктілер егде адамдарға көмектесті

Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ-нің еріктілері елордада жалғыз тұратын зейнеткерлердің аулаларын қардан тазартты. Қайырымдылық акциясына 20-ға жуық ерікті қатысты.

«Астана жастары» КММ-нің өкілдері мен елордалық еріктілер егде адамдар тұратын үш мекенжай бойынша аумақты қардан тазартуға көмек көрсетті.

– Қар көп жауған күндері біз жалғызілікті қарттарға көмектесіп, зейнет жасындағы адамдардың аулаларынан қар шығаруға қолғабыс етеміз. Біз біріксек, бітпейтін шаруа жоқ. Осы жолы үш үйге көмектестік, біз – еріктілер айналамызға мейірім мен шуақ шашып жүрміз. Қайырымдылық – біздің басты ұстанымымыз, – деді «Астана жастары» ЖРО волонтері Мирас Муратов.

Ал зейнеткерлер Астана қаласының әкімдігі мен студент жастарға алғыс айтты.

– Келіп, көмек берген балаларға алғысым шексіз. Себебі ауланы қардан тазалау маған қиын екені рас. Жастардың қимылы ширақ, белсенділіктеріне тәнтімін. Бізді ұмытпай, әркез естеріне алып, келіп көмектесіп жүрген жандарға алғыстан басқа айтарым жоқ, – деді елорда тұрғыны Татьяна Васильевна.

Қайырымды іс елордада үнемі өткізіліп тұрады. Ол қыс мезгілі аяқталғанша жалғасады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button