Қала мен Сала

Еріктілер қар тазалады

Елордалық еріктілер «Таza Alem-2022» экология­лық шарасы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Дос» қоғамдық мүгедектер бірлестігінің ауласын қардан тазалауға көмектесті.

[smartslider3 slider=2552]

«Астана жастары» жастар ресурсы орталығының бас­тамасымен өткен іс-шараға колледж студенттері мен мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Өткен жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан экологиялық акция аясында ерікті жастар қаладағы жалғызбасты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіп жүр. Олар қыста үй аулаларын қардан тазаласа, жаз мезгілінде өзен жағалауындағы тұрмыстық қалдықтарды жинастырады. Сондай-ақ көктемгі және күзгі ағаш отырғызу науқанына белсенді қатысады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button