Жаңалықтар

Еріктілер қар тазалады

Кейінгі күндері Нұр-Сұлтан қаласында қардың қалың түскені соншалық, көлік түгілі адамдардың жүріс-тұрысы қиындап кетті. Мектепке, балабақшаға балаларын апару үшін ата-аналар коммуналдық сала қызметкерлеріне өздері көмектесіп, жолды қардан тазалаған, аула ішінен қар шығарған сәттер аз емес.

[smartslider3 slider=1171]

Ауа райының тосын мінезінен қаймықпай, қар тазалауға қолғабыс жасаған жандар да табылды. Солардың бірі – қаладағы №37 мектеп пен «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық бірлестігінің жас еріктілері.

Олар көздері нашар көретін балалар тәрбиеленетін «Алтын бесік» балабақшасына келіп, ауланың қарын тазалап берді.

«Бұл – біз үшін қалыпты жағдай. Тіпті дәстүрімізге айналып бара жатыр десе де болады. Қашанда қолғабыс беруге әзір тұрамыз. Міне, қалада қар қалың түсіп еді, біздің жігіттер мен қыздар қолдарына күректерін алып, тездеп іске кірісіп кетті» дейді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық бірлестігі Нұр-Сұлтан қаласы филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Акция соңында «Алтын бесік» балабақшасының меңгерушісі Гүлнар Әлімхожина еріктілерге ұжым атынан алғысын білдірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button