Жаңалықтар

Еріктілер қарттарға көмектесті

Елордалық ҚХА еріктілері қарт кісілердің ауласын қардан тазарту үшін дәстүрлі сенбілікке шықты.

[smartslider3 slider=2277]

Сенбілік Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында өтті. Елорда Ассамблеясының өкілдері таңертеңнен бастап аталмыш санаттағы тұрғындарының мекенжайына беттеді. «Мен өз үйімде жалғыз тұрамын. Ал біз сияқты қарт адамдарға ауланың қалың қарын тазарту оңай шаруа емес. Бүгін ауламның қарын күреп, тазалап берген еріктілерге және жыл сайын осындай игі мол шаруалар ұйымдастыратын қалалық Ассамблеяға шын жүректен алғысымды білдіремін» деді қала тұрғыны Вера Федоровна.

– Жастардың осындай іске құлшына кіріскені көңіліме қуаныш ұялатады. Ал Алғыс айту күні жүрегімізге ерекше жылулық сыйлайды, жастардың бізді назарынан тыс қалдырмай, тұрақты көмектесіп тұратынына ризамыз. Ұйымдастырушыларға және барша қазақ халқына шынайы алғысымды білдіремін, – деді елордалық Фаргиз Гаинулина.

Қар күреуге келген еріктілерді тасымалдау үшін тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілген арнайы көлік бөлінді. Қайырымдылық акциялары әрі қарай да жалғаса береді.

Қазір қаланы қардан тазарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты көмекке мұқтаж адамдарды, оның ішінде жалғыз тұратын және қарт кісілердің ауласының қарын күреу мәселесі ерекше өзекті болып отыр.

Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button