#Жолдау-2022

Еріктілер – қозғаушы күш

Astana IT университетінде Халықаралық қайырымдылық күніне орай өткен іс-шарада ел азаматтары мен жастар кездесті. Іс-шараның бір маңызы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жастар саясатын дамытуға бағытталған тұжырымдар талқыланды.

[smartslider3 slider=3895]

1997 жылы 5 қыр­күйек­те ұзақ жылдық дерттен Тереза ана қайтыс болды. Оның қайырымдылық еңбегін ескерген БҰҰ Бас ассамблеясы 5 қыркүйекті атаулы күн ретінде белгіледі. Содан бері волонтерлер жиналып, қайырымдылық қозғалысын дамыту мәселесін талқылап, алдағы жұмыстарды межелеп келеді.

Кездесуге Сенат де­путаты ­Сұлтанбек ­Мәкежанов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қоғам белсенділері қатысып, волонтерлік қозғалыс­ты дамытудың маңызы туралы ойымен бөлісті. Есет Байкен қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан «асар» дәстүрінің жаңғыр­ған түрі волонтерлік қозғалысты дамыту – елдіктің мызғымас тұғыры екенін атады.

Расында қазақ қоғамы мыңжылдықтар көшінде небір қиын-қыстау кезеңдерді бағындыруда қайырымдылық принциптеріне негізделген асар әдісі шешуші рөл атқарды. Қостанай облысында тілсіз жау – өрт жалмаған елді мекен тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында жер-жерде арнайы штабтар құрылып, қайырымдылық акциясы басталып кетті. Арыс қаласындағы жарылыс, Мақтааралдағы су тасқыны және т.б. тосын жағдайлар кезінде Үкімет пен жергілікті биліктен бөлек, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегенді ұстанған ел азаматтары волонтерлік қызмет көрсетіп, елдің еңсе тіктеуіне үлес қосты, – деді әкім орынбасары.

Естеріңізде болса, екі жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисін ашып, еріктілер қозғалысының дамуына мемлекеттік деңгейде жағдай жасады.

Волонтерлерді дайындау үдерісі және олармен жұмыс істеу тәжірибесі туралы «Астана жастары» ресурстық орталығы еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің басшысы Эльвира Есмұханова:

– Қоғамның ілгерілеуін волонтерлік қозғалыстың белсенділігінен байқауға болады. Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 10 жылда волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып, ай сайын 30-40 мың жастар волонтерлік қозғалысқа қатысады. Жалпы белсенді 5 мың волонтер аптасына 2-3 іс-шараға қатысады. Олардың арасында мектептің жоғары сынып оқушылары, колледж және ЖОО студенттері бар, – деді.

Волонтер жастар елдегі іргелі бастамаларды қолдап, халықаралық іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосады. Басқосу барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі ерікті жастардың қосатын қомақты үлесі туралы да сөз болды.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button