Жаңалықтар

ЕРЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ

89_big

Астана қаласындағы «Отан қорғаушылар» монументі  алаңында 1995 жылы тәжік-ауған шекарасындағы бітім­гершілік миссиясын орындау барысында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті.

Салтанатты шараны  Қазақстан Рес­публикасы Президентінің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев ашып, осыдан 20 жыл бұрын Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында қызмет атқарған қазақстандық жетінші рота жауынгерлері тосын шабуыл жасалып, оның барысында жерлестеріміздің ерекше ерлік  көрсеткенін атап өтті. Атап айтқанда,  Пшихавр шатқалындағы ауыр шайқаста 17 қазақ жауынгері ерлікпен қаза тапса, бірнеше әскери жарақат алған болатын.

Осылайша ақтық демі таусылғанша әскери міндетін абыроймен атқарған ержүрек жауынгерлерге тағзым ету Ұлттық ұлан сарбаздарының игі дәстүріне айналып отыр.

Тұрмағамбет КЕНЖЕБАЕВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button