Шаһар шаруашылығы

Ерлікке тағзым етті

Бас қалада Қазақстан жауынгерлерінің тәжік-ауған шекарасындағы ерлігіне 27 жыл толуына арналған еске алу шарасы өтті. Онда Отан қорғаушылар саябағындағы тәжік-­ауған шекарасында қаза тапқан 17 жауынгердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

[smartslider3 slider=2641]

1993-2001 жылдар аралығында Тәжікстандағы азаматтық соғыс кезінде мемлекетаралық келісімдерге сәйкес Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің және ІІМ ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерінен құралған қазақстандық біріккен батальон тәжік-ауған шекарасын күзету тапсырмаларын орындағанын естеріңізге саламыз.

1995 жылы 7 сәуірде Пшихавр шатқалында 7-біріккен ротаға содырлар шабуыл жасады. Бес сағатқа созылған кескілескен ұрыста ішкі әскерлердің 17 жауынгері қаза тауып, 33-і жарақат алған болатын.

– Біріккен батальонның офицерлері мен сарбаздары халықаралық терроризм мен есірткі бизнесі күштерінің біздің шекараларымызға жетуіне тосқауыл қойды. Жауынгерлер батылдық пен жанқиярлық көрсетіп, әскери борышын адал атқарды, – деп атап өтті генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.

Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан әскери қызметшілер батырлықтың, ерліктің және антқа адал болудың үлгісін көрсетіп, отандастарының жадында мәңгі сақталады. Осы шара барысында Мемлекеттік әскери-тарихи музейде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов сол жылдардағы оқиғаларға арналған «Ерлікке жетелеген жол» экспозициясын ашуға қатысты. Көрме аясында Жанар Кемелдің қазақстандық жауынгерлердің тәжік-ауған шекарасындағы қаһармандығы жайлы «Ерлікке жетелеген жол» кітабының тұсаукесері, сондай-ақ Ұлттық әскери-­патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымының концерті өтті.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button