Елорда тынысы

Ерлікке тағзым етті

Астанада 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне арналған еске алу іс-шарасы өтті.

1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгер-интернационалистер ескерткіші жанында өткен іс-шараға мектеп оқушылары, Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті өкілдері, ҚР «Жас сарбаз» жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысы мүшелері, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар жетекшілері қатысты.

Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Миранбек Тулекпаев жиналған жұртшылық алдында соғыс туралы мәлімет беріп, жауынгер-интернационалистердің ерлігі жайында баяндады. Қаза болған жауынгерлердің ата-аналарына денсаулық, сабырлық тіледі. Атаулы күнге орай тәжік-ауған шекарасындағы әскери-ұрыс қимылдарына қатысушылардың «Қазбат» ұйымы, Иракта және Таулы Қарабақтағы қақтығыстарға қатысқандар ұйымдарының жетекшілері де Ауғанстан соғысын бастан кешкен қазақстандық жауынгерлердің ерлігі жөнінде айтты.

Жат жерде ерлікпен қаза тапқан жауынгерді еске түсіруге арналған бір минуттық үнсіздіктен кейін, жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойды

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button