Жаңалықтар

Ерлікті әспеттеген көрме

Жеңістің 71 жылдығына орай Ұлттық академиялық кітапханада жастардың көрмесі ашылды.

Шараның салтанатты ашылу рәсіміне елордадағы соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері шақырылды. ЕҰУ проректоры Дихан Қамзабекұлы «Жеңіс – мәңгі ұмытылмайтын бақытты күн. Қазақстандықтардың тылда жұмыс істеп, фашизмге қарсы шайқасқан баба ерлігін жас ұрпаққа жырлау – міндетіміз» дей келе майдангерлерді айтулы мерекемен құттықтады.
Көрмеге қойылған 39 жұмыс – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дизайн және инженерлік графика мамандығы бойынша білім алатын студенттердің жеке шығармашылығы. Картина, инсталляция, плакат түрлері Отан үшін күрес, батырлар ерлігі, шайқастағы шерлі тағдырлар, жеңіс күнін аңсау сынды тақырыптарды қамтыған.
Астаналықтар мен қала қонақтары үшін көрме 15 мамырға дейін жалғасады.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button