Жаңалықтар

Ерте солған қызғалдақ-ғұмыр

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері, Ақпарат саласының үздігі Есенгелді Сүйіновтің «Қызғалдақ – ғұмыр» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітапта автордың қызғалдақтай жайқалып, сәнді де мәнді ғұмыр кешкен марқұм аяулы жарының жарқын бейнесі айқын көрінеді.

[smartslider3 slider=3140]

 

Тұсаукесерге жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреты Әлібек Асқаров, алаштанушы ғылым Тұрсын Жұртбай, жазушылар Толымбек Әбдірайым мен Ораз Қауғабай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист Сәдібек Түгел, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, осы ұйымның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы,  филология ғылымдарының докторы Сәуле Тапанова, жазушы, әдебиеттанушы Айгүл Кемелбаева, белгілі қаламгерлер, Ұлттық академиялық кітапхананың ғылыми хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Иманғазы Нұрахметұлы және білім саласының мамандары, студенттер мен оқушылар, кітапхана оқырмандары қатысты.

Қатысушылар әдебиет әлеміне еркін еніп, оның төрінен құрметті орын алған белгілі ақын Марфуға Бектемірова өмірден ерте кетсе де соңынан бай мұра қалдырғанын атап өтті. Ақынның жақұт жырлары адамдарды, әсіресе өскелең ұрпақты ізгілікке, іңкәрлікке, мейірімділікке, жақсылыққа тәрбиелейтінін, тірліктің әр сәтін қадірлеп, үлкен мақсаттарға, көздеген биіктерге жетуге үндейтінін айтты.

 Мақсат РАХЫМБЕРДІ,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button