Мәдениет

Ертегі әлеміне жетеледі

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры балаларға базарлық ретінде «Күн астындағы Күнекей қыз» музыкалық ертегісін ұсынды. Ертегінің инсценировкасын жасаған – Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров, қоюшы режиссері – Данияр Базарқұлов.

– Бұл ертегіде үлкен философия жатыр. Мәселен, қазақта қазан қасиетті болып саналады. Қойы­лымда сол сияқты Қазан дейтін кейіпкер бар. Біз бұл ертегі арқылы қазақтың батырларын көрсеттік. Ал Күнекей – махаббаттың, нәзіктіктің символы. Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерді Күнекей арқылы көрсетуге тырыс­тық. Басты мақсатымыз – ертегі арқылы балаларға ақыл айту емес, олардың көңілін көтеріп, қазақтың болмысын таныту, жамандық пен жақсылықтың, адалдық пен арамдықтың аражігін ажырата білуді үйрету, – дейді Данияр Базарқұлов.

Ертегіде Күнекей бейнесін ­актриса Жансұлу Төлеген сомдады.

«Бұл образ маған қатты ұнады. Қойылымда оның жасы 13-14 шамасында. Ол ханның қызы болғандықтан ерке, мінезі құбылмалы. Маған оны сомдау өте қызық болды» дейді актриса.

Жайық батырдың ата-анасын тасқа айналдырған Қараханның зұлым күшіне Жайық батыр қарсы тұра алады ма? Достық пен адалдықты серік еткен Жайық батырдың ерлігі немен өлшенді? Күнекей қыз Жайық батырмен еріп кетеді ме? Қиял-ғажайыпқа толы «Күн астындағы Күнекей қыз» музыкалық ертегісін тамашалау арқылы әр бала осы сұрақтарға жауап таба алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button