Жаңалықтар

Ертегі әлеміне саяхат

БАКЫТ2

«Нұр отан» партиясының қолдауымен «Алматы Бизнес Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Думан» ойын-сауық орталығында «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.

Бұл шара барысында балалар ертегі еліне саяхаттап, сүйікті мульфильмдерінің кейіпкерлерімен кездесті. Бал­дырғандардың көңілін көтеріп, қызыққа кенелту үшін 30 аниматор арнайы шақырылыпты. Бүлдіршіндер жақсы көретін сайқымазақтар да осында. Кіш­кентай көрермендер «Күлкі елі», «Крякландия», «Сиқырлы орман», «Қуаныш патшалығы» әлеміне сапар шегіп, өздеріне арналған театрландырылған қойылымды тамашалады. Ата-аналарымен бірге асфальтта сурет салып, сиқырлы фйлешмобқа қатысты.
«Нұр Отанның» өкілі Мұхтар Баймағұловтың айтуынша, пар­тияның көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды, мүгедек жандарды қолдауға арналған «Бақытты балалық» және «Ке­дергісіз келешек» атты екі жобасы бар. Осы жобалардың аясында өткізілген шараға әлеуметтік аз қамтылған топтың балалары тегін шақырылып, бағдарламаның соңында «Думандағы» океанариумды аралады.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button