Басты ақпарат

ЕРТЕЛЕТІП ЖҮГІРДІ ЕЛОРДАЛЫҚ ЖҰРТШЫЛЫҚ

ERA_8036

Жексенбі күні елорда жұртшылығы  жаппай жүгіруге шықты. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы ұйымдастырған бұқаралық шараға мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, мәслихат депутаттары мен әскерилер, студенттер мен мектеп оқушылары, белгілі спортшылар және әуесқой жүгірушілер қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентін сайлау науқанын қолдауға арналған спорт шара­сының ашылуында еңбек ардагері, спорт саласының майталманы Федор Марьин сөйлеп, алаңға жи­налған астаналықтарға білім мен спорттың шыңынан көрініп, ден­саулықты шынықтыруға бағыт­талған осындай шараларға бел­сенділікпен қатыса берулеріне тілектестік білдірді. Олимпиада ойындарының чемпионы, даңқты шаңғышы Владимир Смирнов та елорда төрінде көпшілікке ар­налған осындай спорттық шара­лардың жиі өтіп тұрғанын қол­дай­тынын жеткізіп, халықтың ең басты байлығы денсаулық екенін еске салып, бұқаралық жарысқа қаты­сушылардың бәріне сәттілік тіледі.

Бұқаралық жүгіру алдында қатысушыларға Қазақстан Президентін сайлауының ресми символикасы бейнеленген футболкалар мен бейсболкалар таратылды. Салтанатты жағдайда Қазақстан әнұраны шырқал­ғаннан кейін жүгіріс басталып кетті. Кенесары көшесі бойымен Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионға дейін жүгірген жұрт­шылықтың жүзінен сергек көңіл-күйді аңғардық. Мәреге жет­кен жүгірушілер бір-бірін құт­тықтап, мәре-сәре болып жатты.

Түйіндеп айтқанда, ертелетіп жүгірген елордалық жұрт­шы­лықтың көтеріңкі көңіл-күйіне қарап Президент сайлауына да осындай белсенділікпен қатысады деген ой түйдік.

 Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button