Әлеумет

Ертең Джей Ло концертіне билеттер сатыла бастайды

Америкалық актриса және әнші Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертінен билеттер ертең сатылымға шығады. Бұл туралы «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

— Соңғы үш күнде өте жиі қойылған сауалдардың бірі билеттер сатылымының қашан басталатындығына қатысты болды. Ресми билеттер сатылымының басталуы эксклюзив түрде FreedomTicketon билет операторында жүзеге асырылатынын мәлімдемекпін. Ол 11 сәуір күні сағат 11:00–де басталады. Біз билет сатып алғысы келетін көрермендердің легі қалың болады деп күтіп отырмыз. Билеттерді жаппай сатып алу, алыпсатарлық болмауы үшін әлемдік тәжірибе негізіндегі жүйе қолданылады. Бастапқыда ваучер сатылады. Ал бірегей QR кодтың өзі концертке үш күн қалған кезде беріледі, — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, бұл балама алаңдарда билеттердің 2, 3 есе қымбатқа сатылымға шығарылмауы үшін жасалады. Бір адам тек 4 билет қана сатып ала алады.

— Бұл билетке қатысты алаяқтықты болдырмауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз, — деді Мәлік Хасенов.

Бұған дейін 1 тамызда «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті өтетіндігін жазған едік.

Елордадағы концерт әлемдік жұлдыздың Up All Night турнесі аясында өтпек. Әлемдік тур 1 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады. Ол әлемнің 17 қаласын қамтиды, соның ішінде: Анталья мен Ыстанбұл, Мадрид пен Барселона, Будапешт, Варшава, Бухарест, Әбу-Даби қалалары бар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button