SportЖаңалықтар

Ертең Глазгода «Селтик» – «Астана» матчы өтеді

Ертең, 3 тамызда Шот­ландияның Глазго қаласында УЕФА-ның Чемпиондар лигасы турнирінің үшінші кезеңінің қарымта матчында жергілікті «Селтик» пен «Астана» кездеседі.

0011

«Астана Арена» стадионында өткен бірінші ойында есеп 1:1 болған еді. Бұл матчта жеңіске жетуге де мүмкіндік болған-ақ еді. Есепті де астаналықтар бірінші ашып, тіптен бірнеше рет есепті еселеуге жақын болған. Алайда, белді қорғаушымыз Шомконың бір қателігі бар басым­дықты жоққа шығарып кетті.
Дегенмен, «Астана» командасы Шотландияға жеңіске деген жігермен аттанды. Өйткені, бұл ойынның бәсі тым биік. Қай жеңгені Чемпиондар лигасының топтық турниріне түседі. Ал жеңілгені – Еуропа лигасы турниріне қатысады.
«Селтик» – «Астана» ойыны «Қазақстан» телеарнасынан тамыз­дың 3-інен 4-іне қараған түні сағат 00.45-те тікелей эфирден көрсетіледі.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button