Елорда тынысы

Ертең кезекті сессия өтеді

Ертең қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтеді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

“Астана қаласының тұрғындары мен қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымы депутаттарының назарына!

2024 жылғы 02 қазанда сағат 10.00-де Астана қаласы мәслихаты сегізінші шақырылымының  кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. «Астана қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 113/15-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. «Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған паралимпиадалық жаттығу орталығы мен «Тарлан мұз айдыны қызметін ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 338/42-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. «Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы».

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е. Каналимов”, – делінген хабарламада.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button