Елорда тынысы

Ертең жер сілкінеді деген рас па?

Сейсмологтар 16 тамызда әлем бойынша қатты жер сілкінеді деген ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Әлеуметтік желіде 16 тамызда сағат 4:00-де Жер бетінде ірі жер сілкінісі болатыны туралы ақпарат шықты.

Бұл туралы ресейлік саясаткер Жириновскийдің мұрағаттарынан табылған карталарда жазылған екен делінген.

Алайда бұл ақпарат жалған, деп хабарлайды StopFake.kz.

Фактчекерлердің мәліметінше, Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген.

“Халықаралық сейсмологиялық орталықтардың ресми мәліметтері бойынша, 16 тамызда магнитудасы 5,5 балдан асатын қатты жер сілкінісі күтілмейді.

Елімізде шекара маңындағы аумақтарда болған барлық төтенше оқиғалар, сондай-ақ біздің аспаптарымыз тіркеген транзиттік жер сілкіністері “112 KZ” Telegram-арнасында және www.seismology.kz сайтында жедел түрде жарияланады.

Тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер”, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институтының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button