Елорда тынысы

Есіл ауданында «Мектепке жол» акциясы өтті

Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігінде «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды.
Іс-шараға Есіл ауданының әкімі Дәрменияр Қыдырбек-ұлы мен «Полимерстрой-Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры Бауыржан Қожабеков қатысып, сөз сөйлеп, алдағы оқу жылының басталуымен құттықтап, балаларды озат оқуға шақырып, оқушылардың қадамына сәттілік тіледі,деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Акция барысында халықтың әлеуметтік осал тобына жататын отбасы балаларына меценат ұйым «Полимерстрой-Қазақстан» компаниясының атынан оқу-құралмен жабдықталған 100 портфель сыйға тартылды.

– Ауданымызда «Мектепке жол» акциясы аясында 2018 жылдан бері 3000-нан астам оқушы меценаттар атынан мектеп формалары және құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Жалпы, мұндай іс-шаралардың өтуі ата-аналардың мойнындағы ауыртпалықты азда болса жеңілдетеді деп ойлаймыз. Оқушылардың мектепке баруына өз септігін тигізіп, көмек қолын созып жатқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Бұл да болса халқымыздың береке-бірлігін, ел азаматтарының халқына жанашыр екендігін білдіретін іс-шараның бірі деп бағалауға болады, – дейді Астана қаласы Есіл ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Назгүл Ахметова.

Ал қайырымдылық акциясына оқушыларын алып келген №45 орта мектептің педагогы Мәдина Әбілқасымова көмек көрсетіп, балалардың оқуға баруына септігін тигізіп жатқан азаматтарға дән риза екенін жеткізді.

Атап айтар болсақ, бұл жолғы қайырымдылық амалына аталған демеуші компания 3 миллионға жуық қаражат бөлген. Тағы бір айта кетерлігі, акция барысында демеуші азаматтарға Есіл ауданы әкімінің атынан «Алғыс хаттар» табысталды.

Шапағат ӘБДІР

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button