Жаңалықтар

ЕСІЛ БОЗДАҚТАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

IMG_9424_новый-размер-(1)

Жеңіс күні Астана қаласындағы орталық зиратта соғыста қаза тапқан жауынгерлер ескерткішіне «Даңқ» гүл тізбектері қойылды.

Аталмыш шараға Ұлы Отан соғысы ардагерлері, дін өкілдері, әскери бөлімдердің сарбаздары, елорда әкімдігінің қызметкерлері мен қаза тапқан жауынгерлердің туыстары жиналды.
Жиында Ұлы Отан соғысының ардагері Алексей Фролов сөз алып, осы күнге аман жеткен майдандастарын мерекелерімен құттықтады.
– Жеңіс бізге оңай келген жоқ. Қаншама жауынгер сол жолда құрбан болды. Майданда біздің алдымызда тек бір ғана мақсат тұрды, ол – жеңіске жету еді. Қанды қасаптың азабынан құтылған әлем бүгін Жеңіс күнін үлкен мереке етіп тойлауда. Ұрыс алаңында жан аямай шайқасқан барлық ардагерлер ұрпақтарымен бірге ынтымағы жарасқан Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп жатыр, – деді майдангер.
Астана қаласы мәслихатының хатшысы Сансызбай Есілов:
– Қазақтың даласында шайқас болмаса да, осы жерде, Ақмола облысындағы госпитальда қаншама қызыл әскер жан тапсырды. Біз солардың рухына құран бағыштап, тағзым етеміз. Біздің батыр аталарымыз фашизмді жеңіп, Отанымызға ғана емес, әлемге тыныштық сыйлады. Елімізден 1 миллион 200 мың азамат Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанып, жартысы қайтып оралмады. Қазір арамыздағы жүрген ардагерлердің қатары күн санап сиреп барады. Оларды көзі тірісінде бағалап, қадіріне жете білейік. Астана қаласының әкімдігі майдангерлерді елеусіз қалдырмай, қашанда көмек қолын созып келеді, – деп атап өтті.
Шарадан соң ардагерлер мен туыс­тарына арналып дастархан жайылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button